05.09.2022, 17:24

Шымкентте 2 жасар бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті

фото: отырар

Шымкентте «Нұрсәт» шағынауданындағы көпқабатты үйлердің бірінің терезесінен екі жасар бала құлап кетті, деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі. 

Оtyrar.kz жазуынша, оқиға 4 қыркүйекте кешке болған. 2020 жылы туған бала екінші қабаттағы терезеден құлап кеткен. Сәби балалар ауруханасына жеткізілді.

«Қалалық балалар ауруханасында балаға жабық бассүйек-ми жарақаты, іш жарақаты деген алдын ала диагноз қойылды. Дәрігерлер ұл баланың жағдайын орташа тұрақты деп бағалап отыр. Сағат 20:45-те дәрігерлер қараған соң, амбулаторлық емделуге үйіне жіберілді», - делінген қалалық ТЖД хабарламасында.

Айта кетсек, соңғы сегіз айда қалада осымен алтыншы бала терезеден құлап кеткен.