Өскеменде монша өртенді

Өскемен қаласында монша кешені өртенд. Бұл туралы облыстық ТЖД хабарлады.Өскемен қаласында монша кешені өртенд. Бұл туралы облыстық ТЖД хабарлады.

Өскеменде монша өртенді
сурет облыстық ТЖД-нен

6 қыркүйекте таңғы сағат 5 шамасында Затаевич көшесінде орналасқан монша кешенінен өрт шықты. Булану бөлмесіндегі жиһаз, қаптама және демалыс бөлмелері отқа оранған. Ғимаратта өрт тұтанған кезде ішінде қонақтар болмаған. Оқиға туралы құтқарушыларға монша әкімшісі мен күзетші хабарлаған.  

Болжам бойынша, өрттің шығуына электр жабдықтарының апаттық режимі себеп болған. Қалалық төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындарына өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау қажеттілігін ескертті.