Алматыда қарт анасын ұрып-соққан ер адамға қатысты сот үкімі шықты

Алматыда қарт анасын ұрып-соққан ер адамға қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды paryz.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Алматыда қарт анасын ұрып-соққан ер адамға қатысты сот үкімі шықты
фото: elorda.info

Қылмыстық істі Алатау аудандық соты қарады.

"Сот барысында сотталушы Александр Смирнов анасын қалай ұрғаны есінде жоқ екенін, енді мұндай жағдай қайталанбайтынын айтып, кешірім сұрады. Алайда егде жастағы әйел баласын кешірмейтінін айтты.

Сот үкімімен Александр Владимирович Смирнов баптың 2-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 107 бабы бойынша 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленсін", - деді Алатау аудандық сотының судьясы Гүлзат Шардарбекова.

Еске салайық, мамырда көшеде ер адамның егде әйелді аяусыз соққыға жыққан видеосы Қазнетті елең еткізді. Кейін белгілі болғандай, 74 жастағы анаға шабуыл жасаған ұлы. Оған әйелімен жанжал себеп болған. Кейін ер адам соталды тергеп-тексеруге дейін қамауға алынды.