БҚО-да жантүршігерлік жол апаты болды

Батыс Қазақстан облысында жантүршігерлік жол апатынан 7 адам ауруханаға жеткізіліп, 2 адам көз жұмды, - деп хабарлайды paryz.kz.

БҚО-да жантүршігерлік жол апаты болды

БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 17 тамызда Казталов ауданы аумағында болған.

"Шамамен сағат 14.20-да Казталов-Жалпақтал-Чапаев жолының 145-шақырымында 1999 жылы туған жүргізуші "Лада Приора" автокөлігімен 1984 жылы туған тұрғын айдап келе жатқан "Лада Вестаға" жол бермей, соқтығысқан.

"Лада Приора" автокөлігінің жолаушылары қаза тапты. Қалған 7 адам ауруханада. Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр",- делінген хабарламада.