Нұр-Сұлтанда пойыз вагоны өртеніп кетті

ҚТЖ-ның хабарлауынша, қызметтік көлік компания қызметкерлеріне арналған және жолдарды жөндеу жұмыстары кезінде қолданылады.

18 қарашадан 19 қарашаға қараған түні Нұр-Сұлтан вокзалында қызметтік вагон өртеніп кетті. Бұл туралы paryz.kz "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады. 

Өрт стансадағы арнайы өрт сөндіру пойызымен сөндірілген.

"Өрт салдарынан адам шығыны болған жоқ. Пойыздардың кідірісі, жолдың бұзылуы, сигнал беру құрылғыларының дабыл қағуы, орталықтандыру, жолды блоктау болған жоқ", - деп хабарлады ұлттық компания баспасөз қызметі.

ҚТЖ-ның хабарлауынша, қызметтік көлік компания қызметкерлеріне арналған және жолдарды жөндеу жұмыстары кезінде қолданылады.

"Қ. Кемеңгерұлы, 9/8 көшесінде орналасқан қалпына келтіру пойызы жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Құрамында 15 адам және 3 техникасы бар елордалық өрт сөндірушілер оқиға орнына жедел жеткен. №50 теміржолда тұрған резервтік вагондағы өрт 50 шаршы метрді шарпыған. Жалынның әсерінен көрші жолдағы вагон арбаларын орналастыруға арналған платформада тұрған шынжыр табанды трактордың кабинасы да жанып кеткен.  Өрт сағат 04:22-де ауыздықталып, сөндірілді.  Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда", - деп хабарлады ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.