Оралдық бизнесменді өлтірген сәттің видеосы тарады

Желіде кәсіпкер Еркін Мұсанғалиевке шабуыл жасаған сәттің видеосы тарады, - деп хабарлайды paryz.kz. 

Оралдық бизнесменді өлтірген сәттің видеосы тарады
Фото: видеодан скриншот

Видеоны блогер Азамат Сәрсенбаев Facebook-те жариялады.

"Жатпай-тұрмай бизнес жасайсың. Тұрақты түрде салық төлейсің, бірнеше адамды жұмыспен қамтамасыз етесің, ешкімнен ешнәрсе сұрамай отбасыңды асырайсың, жақындарыңа көмектесесің, басқа кәсіпкерлердің жұмысы жүру үшін шикізат пен тауарлар сатып аласың, елдің дамуына үлес қосасың.

Осының барлығы қарақшылардың кесірінен әп-сәтте жоқ болады. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мен жалпы үкімет бұл істі мұқият тексеріп, зерделеуі қажет. Мәселе тек адам өлтіруде емес, бұл оқиға қылмыскерлердің алдында "кәсіпкерлер осал" деген үлкен проблеманы әшкереледі. Егер осындай бұзақылар келіп, өз тәртібімен қызметтерін ұсынса, қорқытса кім шағын бизнеспен айналысады?", - деп жазды ол.

Кадрда кәсіпкердің екі жігітпен дәмханада қалай сөйлесіп жатқаны көрсетілген. Кенеттен жанжал басталып, жігіттердің бірі кәсіпкердің мойын тұсына пышақ сұғып алады. Содан кейін ол тағы бірнеше рет ұрады. Жаралы Мұханғалиев терезеден шығып үлгереді, бірақ олар оны қуып жетіп, көшеде тағы 15 пышақ жарақатын салады. Кәсіпкер жедел жәрдем келгенше көз жұмды.