Алматыда пәтерден анасы 2 баласымен өлі табылды

Оқиға орнына полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров барды.

Алматыда пәтерден анасы 2 баласымен өлі табылды
Фото: stan.kz

Алматыда «Мамыр» шағын ауданындағы пәтерлердің бірінен 34 жастағы әйел мен екі баланың мәйіті табылды, деп хабарлайды paryz.kz. 

Алматы қаласы полиция департаментінің хабарлауынша, 6 тамызда жедел басқару орталығына «Мамыр» шағын ауданындағы пәтерлердің бірінен үш адамның мәйіті табылғаны туралы хабар түскен.

34 жастағы әйел мен оның 2015 және 2020 жылы туған балаларының мәйіті табылды , - деп хабарлады полиция департаменті.

Материалды жинаудың толықтығын қамтамасыз ету және адамдардың өлімінің мән-жайын анықтау мақсатында тергеу-жедел тобы шықты.  Оқиға орнына полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров барды. Полиция майоры тергеу барысын өз қолына алды.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Полиция тергеу барысы туралы қосымша хабарланатын мәлімдеді.