«Сұрақ қоймаңыз»: желіде әкімнің журналистің сұрағына ашуланып жауап берген видеосы тарады

Желі қолданушыларын әкімнің қазақ тілінде сөйлемегенін сынап жатыр. 

«Сұрақ қоймаңыз»: желіде әкімнің журналистің сұрағына ашуланып жауап берген видеосы тарады
Фото: видеодан скриншот

Желіде Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Григорьев ауылдық округінің әкімі Майра Жәкімсалованың журналистің сұрағына ашуланып жауап берген видеосы тарады, деп хабарлайды paryz.kz. 

Ауылдық округ әкімі журналистің 500 гектар жер тапшылығы бар екені қалай анықталды деген сұрағына «Мен қайдан білемін? Шамамен айтып жатырмын. Сұрақ қоймаңыз, мен жауап беремін. Өзім бірінші рет интервью беріп тұрсам»,  - деп ашуланады.

Желі қолданушыларының бірі әкімнің қазақ тілінде сөйлемегенін сынаса, енді бірі «Әкімдері нервный ма, ерке ме біртүрлі екен», «Ұят екен, әкімдікке лайықты болу керек ғой», - деген сияқты жазба қалдырған.