Ұзынағашта болған атыстан бір адам қаза тапты

Алматы облысының Ұзынағаш ауылында атыс болып, бір адам қаза тапты. Бұл туралы Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Ұзынағашта болған атыстан бір адам қаза тапты
Фото: ашық дереккөзі

Полицияның мәліметінше, 4 тамыз күні сағат 16:20 шамасында Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылының ауруханасына үш жергілікті тұрғын оқ жарақатымен түскен. Жеткізілгеннен кейін зардап шеккендердің бірі жансақтау бөлімінде қайтыс болды.

«Полиция дереу аталған факті бойынша барлық мән-жайларды анықтау және қылмысқа қатысы бар адамдарды ұстау шараларын қабылдады. Іздестіру барысында «ұстап алу» жоспары жарияланды», – делінген хабарламада.

Алдын ала мәлімет бойынша оқиға жергілікті тұрғындар арасында дұшпандық қарым-қатынасқа байланысты болғаны анықталды. Қазіргі уақытта жанжалға қатысы бар адамдар толығымен анықталып, оларды ұстау бойынша іс-шаралар жүріп жатыр