Желіде 2 мұғалімнің кәмелетке толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түспек болып жатқан видеосы тарады

Өскемен қаласындағы мектепте кәмелетке толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түспек болған екі мұғалім жұмыстан қуылды, деп хабарлайды Paryz.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. 

Желіде 2 мұғалімнің кәмелетке толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түспек болып жатқан видеосы тарады
фото: aikyn.kz

Әлеуметтік желілерде қаладағы №30 мектеп аумағында екі ер адамның кәмелетке толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түспек болып жатқан видеосы тарап кетті. Белгілі болғандай, бұл сол білім ордасында жұмыс істейтін мұғалімдер болып шықты. Екеуі де мас күйде болған. Ал жасөспірім қыздың кім екені әзірге белгісіз.

«Екі мұғалім мен мектеп күзетшісі қызметінен босатылды. Бейнебақылау камерасының жазбасынан зорлық-зомбылық фактілері байқалмаған. Енді қала мектептеріндегі бақылауды күшейтеміз», - деді Өскемен қалалық білім бөлімінің басшысы Сәуле Алагузова.

ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше, олар жыныстық қатынасқа түсіп үлгермеген. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, ер адамдар ұсақ бұзақылық бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып отыр.