Шымкенттен шыққан тікұшақ Каспий жағалауында өртенген қамысты сөндіруге кірісті

Жануды сөндіру өсімдіктердің салыстырмалы түрде жоғары деңгейімен қатар батпақты жерлермен күрделене түседі, осыған байланысты арнайы техникадан өту кейде мүмкін емес.

Шымкенттен шыққан тікұшақ Каспий жағалауында өртенген қамысты сөндіруге кірісті
aviadrive.ru

«Қазавиақұтқару» АҚ-ның тікұшағы бүгін таңертең Шымкент қаласынан ұшып шығып, Атырау облысына жетіп Каспий жағалауында жанып жатқан қамысты сөндіруге кірісті, деп хабарлайды ТЖК баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, Атырау қаласынан 30-40 шақырымда Каспий теңізінің жағалауында қамыс жанып жатыр. Қопаның арасында бірнеше жерде өрт шыққан. Қамыс биік әрі арасы батпақ болғандықтан ондағы өртті сөндіру қиын болып тұр. Осыған байланысты арнайы техника өрт ошақтарына жетуге алмайды. Қазір өрт шыққан тұстар анықталып жатыр. Одан елді мекендерге қауіп төнген жоқ.