16.11.2020, 23:27

Пандемия кезінде еліміздегі банктерге кибершабуыл көп жасалған

фото: ашық дереккөз

Банктің ресми сайтына ұқсас сайт ашып, клиенттердің жеке, құпия мағлұматын ұрлаған...

Қазақстанда банктерге жасалатын кибершабуылдар көбейген. Мамандар мұны пандемия кезінде карта арқылы жасалатын төлем түрлерінің артуымен байланыстырады, деп хабарлады paryz.kz, Ranking.kz-ке сілтеме жасап.

Мәселен, өткен жылы екінші деңгейлі банктерге хакерлік шабуылдаудың 50 жағдайы тіркелсе, биыл 130-дан асқан.

Сондай-ақ, бұның ең қауіпті түрі – "фишинг" шабуыл көбейіпті. Яғни, банктің ресми сайтына ұқсас сайт ашып, клиенттердің жеке, құпия мағлұматын ұрлаған. Биыл сондай мыңнан астам жағдай тіркеліп отыр.