Нұр-Сұлтанда журналист Махамбет Абжан ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Нұр-Сұлтан қаласында журналист Махамбет Абжанды ұстады. Агенттік мәліметінше, журналист кәсіпкерлерден ақша бопсалаған, деп хабарлайды Рaryz.kz  Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Нұр-Сұлтанда журналист Махамбет Абжан ұсталды
ашық дерек көздерінен

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет БАҚ-та нұқсан келтіретін мәліметтер тарату қаупімен кәсіпкерден аса ірі көлемде ақша қаражатын бопсалаған азамат М. Абжанның қылмыстық әрекетінің жолын кесті", – делінген ақпаратта. 

3 шілдеде жүргізілген арнайы операцияның нәтижесінде азамат Махамбет Абжан 50 миллион теңге алғаннан кейін ұсталып, Нұр-Cұлтан қаласында уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

"М.Абжанның басқа да ұқсас қылмыстарға қатыстылығы туралы ақпарат тексерілуде. Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды", – деді агенттіктегілер.