23.05.2022, 10:00

ШҚО-да жол апатынан бес адам көз жұмды

Жарма ауданында жол апатынан 5 адам қаза болды. ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол апаты 22 мамыр күні сағат 07:40 шамасында республикалық маңызы бар «Алматы-Өскемен» тасжолының Жарма ауданы Қалбатау ауылының тұсындағы 959 шақырамында болған, деп хабарлайды Paryz.kz, Halyk-uni.kz-ке сілтеме жасап. 

Nissan Cefiro маркалы автокөліктің 36 жастағы жүргізушісі шектен тыс жылдамдықпен жүріп, алдындағы «Беларусь 82.1» маркалы трактор тіркемесінің артына соғылған. Соның салдарынан жеңіл көліктің 36 жастағы жүргізушісі мен 4 жолаушысы оқиға орнында көз жұмған. Бір жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды. 

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.