"Бір адам қайтыс болды": Оралда көлік бағанға соғылды

Оралда автокөлік бағанға соғылып, 20 жастағы қыз көз жұмды, деп хабарлайды Paryz.kzturkystan.kz-ке сілтеме жасап. 

"Бір адам қайтыс болды": Оралда көлік бағанға соғылды

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға бүгін таңертен Зачаган кентінде орын алған.

«Жүргізуші автокөлік руліне ие бола алмай, жарнама қалқаны бағанына соғылған. Құтқарушылар автокөлік ішінде қыстырылып қалған 1993 жылғы жүргізушіні шығарды. Көліктің ішінде жүргізушіден басқа 2002 жылғы қыз болған. Олардың екеуі де ауруханаға жеткізілген. Қыз есін жия алмастан қайтыс болды. Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде» , – деленген хабарламада.