21.05.2022, 15:48

Шымкентте дәріханадағы жарылыстан күзетші қаза тапты

Шымкенте жарылыс болып, дәріхана ғимараты жойылып кетті. Оқиға бүгін түске таман уақытта болған.

Шымкентте болған жарылыстан ғимарат күзетшісі қаза тапты, деп хабарлайды Paryz.kzЭкспресс К-ға сілтеме жасап. 

Жарылыстан бірден төтенше жағдайлар қызметі мен полиция шақырылған. Жарылыстан жақын маңдағы перзентхана ғимараты зардап шегіп, іштегі жүзден астам жүкті әйелдер басқа нысанға көшірілген. Перзентханадан 100-ден астам әйел мен бала, қызметкер эвакуацияланған. Өкінішке қарай күзетіп отырған күзетші жарылыс кезінде бақиға аттанды.