"Үш ай бұрын қайтыс болған": Қоқыстан табылған баланың мәйітіне қатысты жаңа деректер

17 мамыр күні Алматы облысындағы Сарқан қаласында қоқыстан баланың денесі табылған еді. Полиция баланың анасы анықтады, деп хабарлайды Paryz.kzStan.kz-ке сілтеме жасап.  

"Үш ай бұрын қайтыс болған": Қоқыстан табылған баланың мәйітіне қатысты жаңа деректер
Сурет: ашық дереккөз

"Анасының сөзінше, қыз 2017 жылы туылған және Балалардың милық сал ауруына шалдыққан. Сондай-ақ туа біте ақыл-есі кем болған. Ақпан айында бала ауырып, қайтыс болған. Осы себепті анасы өзінің інісімен бірге қызды қала шетіне жасырын көмуге шешім қабылдаған", – делінген Алматы облысының полиция департаментінде. 

Қазір Қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша тергеу басталып, тиісті сараптамалар тағайындалған. Қылмыстық іс облыстық полиция департаментінің бақылауында. Күдіктілер аудандық полиция бөліміне жеткізілген. 

Тағы оқыңыздар: Алматы облысында басы жарылған 5 жастағы қыздың мәйіті қоқыстан табылды (ФОТО)