Ақтөбеде есірткі сатқан полиция старшинасы қамауға алынды

Ақтөбеде есірткі сатты деген күдікпен полицей қамауға алынды, – деп хабарлайды Paryz.kzAstana TV-ға сілтеме жасап. 

Ақтөбеде есірткі сатқан полиция старшинасы қамауға алынды

Ұсталған күдіктінің қалалық полиция бөлімінің қызметкері екені ғана белгілі.

Оған қатысты Қылмыстық кодекстің «есірткі заттарын дайындау, сақтау және сату» және «қызметтік жалғандық жасау» баптары бойынша іс қозғалған. Старшинаның бар мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Полиция старшинасы қамауға алынды. Оның үстінен сотқа дейінгі тергеу басталып,  тергеу амалдары жүргізілуде. Тәртіптік комиссияның шешімімен полиция қызметкері ішкі істер органынан және полиция бөлімінің бастығы атқаратын қызметінен босатылды. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес қылмыстық істі тергеу шеңберіндегі өзге ақпарат жариялауға жатпайды, – дед Ақтөбе облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлові.