Pavlodarnews.kz мәліметінше, оқиға Толстой көшесінде орналасқан үйлердің бірінде болған. Өңірлік денсаулық сақтау басқармасы балаға кататравма, ауыр бас сүйек-ми жарақаты, ауыр дәрежедегі бас миының соғылуы, травматикалық шок диагнозы қойылғанын хабарлады.
Жедел жәрдем қызметі бүлдіршінді тез арада ауруханаға жеткізіп, өкпені жасанды желдету аппаратына қосты. Дәрігерлер бір жарым жасар қыз баланың өмірі үшін екі күн күресті. Алайда ол 18 мамыр күні көз жұмды. Ведомство мәліметінше, бала ауруханаға жеткізілгенде комада болған.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Павлодарда тоғызыншы қабаттан құлаған 1993 жылы туған тұрғынның аман қалғанын жазған едік.