"Іздерін суытқан": Шымкентте соққыға жығылған ер адам комаға түсіп қалды

Оқиға 16 мамыр күні Көктем базары маңында болған. Екі белгісіз адам ер кісіні аяусыз соққыға жыққан. Зардап шегуші ауыр жағдайда жан сақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды Paryz.kz, Stan.kz-ке сілтеме жасап.  

"Іздерін суытқан": Шымкентте соққыға жығылған ер адам комаға түсіп қалды

Туыстарының айтуынша, екі ер адам Арысбек Құралбековті ұрып-соғып, оқиға орнынан іздерін суытқан. Бейнебақылау камерасына жазылған видеодан екі ер адамның зардап шеккен азаматты көше бұрышына алып кеткенін көруге болады. Қарақшылар сол жерден арам ойларын іске асырған. 

Қазіргі уақытта Арысбек Құралбековтің жағдайы ауыр, үшінші дәрежелі комада жатыр. Өзі отбасының жалғыз асыраушысы, үш баланың әкесі. 
Жақындарының сөзінше, күдіктілер сол күні-ақ Еңбекші аудандық полиция бөлімшесіне жеткізіліп, көп ұзамай үйлеріне жіберілген. 

"Тергеуші хаттамада қылмысты бір топ адамдардың жасағанын жазған. Бірақ істі қылмыстық кодекстің 106-бабы, 1-тармағы бойынша (бірақ адамдар тобы 2-тармақ) іс қозғады. Бейнебақылау камераларындағы жазбаға қарамастан, ешкімді күдікті деп танымай, сол күні кешке оларды босатты. Қазіргі уақытта олар бостандықта жүр. Көмек сұраймын! Оларды отырғызсын, тағы біреуді ұрып-соқпасын, әділетті жазаларын алсын", - дейді Арысбек Құралбековтің жары.