Түркістан облысында әйел ломбардтағы несиесін өтеу үшін ұрлыққа түскен

Түркістан облысында әйел ломбардтағы несиесін өтеу үшін тұрғын үйге ұрлыққа түскен, деп хабарлайды Paryz.kz, Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Түркістан облысында әйел ломбардтағы несиесін өтеу үшін ұрлыққа түскен

Оқиға Түркістан облысы Бәйдібек ауданында болған. Бәйдібек РОП-қа жергілікті тұрғындардың бірі арызымен жүгінген. Оның айтуынша, біреу оның үйіне терезе арқылы кіріп, жалпы құны жарты миллион теңге тұратын алтын сақина мен білезікті ұрлап кеткен.

Полицейлер күдіктіні бір тәулік ішінде тауып, ұстады. Ұрлық жасаған жергілікті тұрғындардың бірі болып шықты.

Белгілі болғандай, оның мұндай қадамға баруына несие бойынша қарыздар түрткі болған. Үйден алып шыққанның бәрін әйел ломбардтардың біріне тапсырып, алған ақшасына несие алған банкке төлеген.

Қазір оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұрланған мүлік заңды иесіне қайтарылды.