Шымкентте алып қашудың құрбаны болған қыз терезеден секіріп кетті

Дәрігерлер оның жарақатының қаншалықты ауыр екеніне қатысты түсініктеме бермеді.

Шымкентте алып қашудың құрбаны болған қыз терезеден секіріп кетті
фото: ашық дереккөз

Оқыс оқиға кеше болған. Кеуде, омыртқа, жамбас сүйектері сынған қыз бірінші қалалық ауруханаға түсті, деп хабарлады paryz.kz, otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Қазір алып қашудың құрбаны болған қыздың жағдайы қалыпты. Дәрігерлер оның жарақатының қаншалықты ауыр екеніне қатысты түсініктеме бермеді. Тергеу, тексеру амалдарын жүргізіп жатқан полиция да ештеңе айтпай отыр.

Ал қызды алып қашқан жігітке қылмыстық кодекстің өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу, бас бостандығынан заңсыз айыру сияқты бірнеше баптары бойынша айып тағылуы мүмкін.

Полиция әзірге күдіктінің ұсталған-ұсталмағаны туралы да ақпарат таратпады.