Есірткіні заңсыз тарату фактісі бойынша 19 жастағы азаматша ұсталды.
Тінту іс-шараларын жүргізу кезінде жалпы салмағы 4,37 грамм алты пакетке және жалпы салмағы 26,92 грамм 40 пакетке салынған заттар табылды.
"Сарапшының қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттар синтетикалық есірткі мефедрон болып табылады. Мөлшері аса ірі ретінде айқындалған", – деді полицияда. Аталған факті Қылмыстық кодекстің 297-бабының 1-бөлігі (Есірткі заттарын заңсыз сатып алу, сақтау, өткізу мақсатында тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.