Атырауда із-түссіз жоғалған 63 жастағы тұрғынның мәйітіні табылды

Махамбет ауданында Бейбарыс ауылының 63 жастағы тұрғынының денесі табылды, деп хабарлайды Paryz.kzturkystan.kz-ке сілтеме жасап. 

Атырауда із-түссіз жоғалған 63 жастағы тұрғынның мәйітіні табылды
Сурет: Turkystan.kz

Төтенше жағдайлар департаменті мен полицейлер оны 29 қаңтардан бері іздеп жүрген. Ол сол күні кешке үйден шығып кетіп, кейін оралмаған.

«Іздеу барысында полицияның кинологиялық қызметінің үйретілген иті Жайық жағалауынан із-түзсіз жоғалған адамның мәйітін тапты. Оның басы денеден бөлініп қалған» деп жазылған хабарламада.

Оқиғаға байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.