17.02.2022, 22:02

Қазақстандық ММА файтерін Мәскеуде не үшін атқан?

Сурет: Stan.kz

Қазақстандық ережесіз жекпе-жек шебері Бағдат Дүйсембаевты Мәскеу орталығында фитнес клубтың күзетшісі атып тастаған. Оқиға 16 ақпанда болған. Спортшыға 6 жерінен оқ тиген, деп хабарлайды Paryz.kz, Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Басылымның мәліметіне сүйенсек, файтер мен спорт мекемесінің күзетшісі арасында жанжал болған. Қазір құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. 

30 жастағы Дүйсембаев 6 жерден оқ жарақатын алған. Қазір ол жансақтау бөлімінде. 

Бағдат Дүйсембаев әуесқойлар арасындағы ережесіз жекпе-жекте өнер көрсетеді. “Қазақ” лақап атымен белгілі болған ол барлығы жеті кездесу өткізіп, оның екеуінде жеңіске жеткен.