28.10.2020, 16:56

Елорадада құрылыс краны құлап кетті

Фото: kz.all.biz

ТЖД мәліметінше, зардап шеккендер жоқ.

Нұр-Сұлтан орталығында кран құлап кетті, деп хабарлады Tengrinews.kz.

Instagram желісіндегі кадрларға қарағанда, кран Тұран даңғылындағы автожолға құлаған.

Жедел басқару орталығының мәліметі бойынша, сағат 14.00-де Тұран даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысында КамАЗ бортынан мұнара кранының бөлшегі құлағаны туралы хабарлама келіп түсті. ТЖД мәліметінше, зардап шеккендер жоқ.