Алматыда "CarCity" сауда орталығы маңында жарылыс болды (ВИДЕО)

Оқыс оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

CarCity автомобиль бөлшектерін сататын сауда орталығы аумағында үлкен өрт болды, деп хабарлады paryz.kz.

Куәгерлердің айтуынша, үлкен ангар отқа оранған.

"27 қазанда сағат 12.56-да Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері мен техника құралдары жоғары деңгейдегі дабыл бойынша аяғынан тік тұрғызылып, Әуезов ауданы Ақсай-1А ықшам ауданына бет алды. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер ашық ангар типіндегі техникалық қызмет көрсету станциясы отқа оранғанын анықтады. Өрт сөндіру саптамалары берілді. Өртті сөндіру қиынға соқты. Өйткені, отқа оранған темір ангар одан сайын қыза түскен. Оқиға орнынан әрқайсысының көлемі 25 литр болатын 2 газ баллоны сыртқа шығарылды. Ангардың ішінде жанғыш сұйықтық бар контейнер де бар болып шықты. Сағат 13:21-де жарылыс болды, өрт сөндірушілер арасында зардап шеккендер жоқ", - деп хабарлады Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті.

Ол жерде Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты 60 жеке құрам және 13 техника жұмыс істеді.