Атырауда түнгі клуб маңында төбелес болды (ВИДЕО)

Медициналық сараптама қорытындысы бойынша олардың ішімдікке сылқия тойып алғаны белгілі болды.

Атырауда түнгі клуб маңында жігіттер арасындағы төбелес видеоға түсіп қалды деп хабарлайды Paryz.kz.

Оқиға 25 желтоқсан күні таңғы сағат 06:00 шамасында болған. Полицейлер бейнебақылау камераларынан Авангард-2 ықшам ауданында орналасқан түнгі клубтың жанында екі белгісіз адамның төбелескенін байқаған.

Қоғамдық орында төбелескен 26 және 27 жастағы екі жігіт ұсталды. Медициналық сараптама қорытындысы бойынша олардың ішімдікке сылқия тойып алғаны белгілі болды.

Екі азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Іс сотқа жолданды.