Қостанай облысында қосалқы электр стансасы жанып кетті

Алдын ала ақпарат бойынша, трансформатор қысқа тұйықталу салдарынан жанған.

Қостанай облысында қосалқы электр стансасы жанып кетті
фото: ашық дереккөз

Қостанай облысы Құсмұрын кенті маңында қосалқы электр стансасында өрт шықты деп хабарлайды Paryz.kz.

Қосалқы станса бүкіл ауылды электр қуатымен қамтамасыз етеді. Өрт аумағы - 70 шаршы метр, оны жеке құрамнан 40 адам сөндіріп жатыр. Трансформатор майы жанып кеткен.

Электрмен жабдықтау Қарасу және Науырзым аудандарының электр желілерін қайта қосу арқылы ішінара қалпына келтірілді. Электр қуатымен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасып жатыр, - деді Әулиекөл ауданы әкімдігінің қызметкерлері.

Оқиға орнында Әулиекөл ауданы әкімінің орынбасары бастаған шұғыл қызметтердің жедел штабы құрылды. Қосалқы стансаның өзі Құсмұрын кенті мен Әулиекөл ауданының арасында, далада орналасқан. Өртті сөндіруге 6 техника, соның ішінде құмы бар пойыз, екі өрт сөндіру пойызы және өртке қарсы техниканың басқа да құралдары жұмылдырылды.

Алдын ала ақпарат бойынша, трансформатор қысқа тұйықталу салдарынан жанған.