Қарағандыда бірінші сынып оқушысына әкесі қарсыласын ұруға көмектескен

Ол ұлына қалай ұру керегін көрсетіп қана қоймай, қарсыласының үстіне шығарып берген.

Қарағандыда бірінші сынып оқушысына әкесі қарсыласын ұруға көмектескен
Фото: vogazeta.ru

Әлеуметтік желілерде балалардың төбелескен видеосы тарады, деп хабарлады paryz.kz.

Кадрларда екі бала ойын алаңының көгалында төбелесіп жатыр.

"Бас киіміңді шеш, құлағын ұста. Ұр, ұр. Денис, ары тұр. Сергей, саған не айтып тұрмын, құлағын ұста. Баспен ұр, қолынан ал. Сен оны неге ұстап тұрсың?" - деп айғайлайды бір ер адам.

Осы кезде астындағы бала дем ала алмайтынын айтып жылай бастайды. Кейін ер адам төбелесіп жатқан балаларға жақындап, қарсыласты қалай ұру керегін түсіндіреді.

"Міне, құлақты осылай ұстайсың да жыртасың. Неге тұрсың, ұрмайсың ба?" - дейді ер адам.

Бір сәтте ол біреуіне қарсыласының үстіне шығуға көмектеседі.

Қарағанды қалалық білім бөлімінің өкілдері бұл оқиға Пришахтинскідегі 1-сынып оқушылары арасында болғанын хабарлады.

"Балалардың бірінің әкесінің әрекетін дұрыс емес деп санаймыз. Аталған факт Киров полиция бөлімінде тіркелді, ол бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Жағдай Октябрь ауданы прокуратурасының бақылауында", - деді ведомстводағылар.

Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиға 21 қазанда болғанын хабарлады.

"Киров полиция бөлімінде Қарағандының 39 жастағы тұрғыны Зелинский көшесіндегі балалар алаңында 7 жастағы баланы жарақаттады деген дерек тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Олардың нәтижесі бойынша шешім қабылданады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деп түсіндірді полиция өкілдері.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Это разве Папа? Это разве Отец? Он помогает своему сыну избивать чужого ребенка. Вместо попытки помирить ребят и научить их дружбе, он пропагандирует насилие! Такое нельзя оставлять без наказания! Вот история мамы избитого мальчика: Позавчера мой сын боролся с одноклассником. Я была на работе, вечером ко мне пришли мама и папа мальчика. Утверждали, что наш ребенок душил их сына! Мы ребенка отругали. Поговорили. Извинились. Папа сказал, что когда ребенка стали душить, он просто оттащил моего сына. А вчера подростки показали видео, как это было на самом деле!!! Слов нет! Папа учит своего ребенка бить правильно, куда бить, приемы и.т.д. и ещё сам приложил руку. И ещё на видео видно, как он толкает совсем маленького ребенка. Вчера написали заявление в полицию, но мама мальчика сказала, что ему ничего не будет, так как у него маленькие дети!» https://t.me/patriotkaragandy

Публикация от КАРАГАНДА SKANDAL_KRG (@skandal_krg)