Қапшағайдан жоғалып кеткен шетелдіктің денесі табылды (ФОТО)

1970 жылы туған Қытай азаматы Ван Ганг Алматыда тұрған.

Қапшағайдан жоғалып кеткен шетелдіктің денесі табылды (ФОТО)

Қапшағайда біраз уақыт бұрын жоғалып кеткен Қытай азаматының денесі табылды. Биыл қараша айының соңында туыстарымен байланысқа шықпағаннан кейін оған іздеу жарияланған еді деп хабарлайды Paryz.kz

Qapshagay парақшасында ер адамның денесі табылғаны туралы ақпарат жарияланды.

ҚХР азаматының денесін 11 желтоқсанда іздеу жүйелері демалыс орындарының бірінде, "Заря Қапшағай" саяжай қоғамының жанынан тапты. Өлімнің себебін тергеу анықтайды, - делінген хабарламада.

1970 жылы туған Қытай азаматы Ван Ганг Алматыда тұрған. Ол 27 қарашада туыстарымен байланысын тоқтатқан соң оған іздеу жарияланды. Ер адамды іздеуге еріктілер көмектесті.