Алматыда тағы бір адам 12-қабаттан секіріп кетті

Ер адам көліктің үстіне түсіп, тірі қалған.

Алматыда тағы бір адам 12-қабаттан секіріп кетті
фото: ашық дереккөз

Әлеуметтік желіде Алматыдағы "Шахристан" тұрғын үй кешенінде 12-қабаттан ер адамның секіріп кеткені туралы ақпарат тарады. Ол ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді деп хабарлайды Paryz.kzExpress Qazaqstan сайтына сілтеме жасап. 

Ер адам көліктің үстіне түсіп, тірі қалған. Қазір ауруханада, дәрігерлер бақылауында.

Науқас Орталық клиникалық ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды. Жағдайы ауыр. Жасанды тыныс алу аппаратына қосылған, - деп мәлімдеді Денсаулық сақтау басқармасы. 

Басылым келтірген дерекке сүйенсек, Полиция департаменті осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғаған. 

Дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша тіркелді. Мән-жайы анықталуда, - деді Полиция департаменті. 

Тұрғын үй кешенінде оқиғаға қатысты пікір білдіруден бас тартып, журналистердің аумаққа кіруіне тыйым салған.