Қостанайда бойжеткен 5-қабаттан құлап, қаза тапты

Қостанай облыстық Полиция департаменті оқиғаға қатысты түсінік бермеді.

Қостанайда бойжеткен 5-қабаттан құлап, қаза тапты
фото: Alau.kz

Қостанайдағы шағын ауданда көп қабатты үйлердің бірінде 23 жастағы бойжеткен 5-қабаттан құлап, қаза тапты деп хабарлайды Paryz.kz.

23 жастағы бойжеткен құлап кеткен. Жедел жәрдемге таңғы сағат 5.15-те қоңырау түсті. Қыз жедел жәрдем көлігі келгенге дейін мерт болған. Қатты жарақат алып, содан көз жұмған, - деді облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Қостанай облыстық Полиция департаменті оқиғаға қатысты түсінік бермеді.