Прямая трансляция

Астана

Астана

0°C

Алматы облысында 6-сынып оқушысын қатарластары ұрып-соққан

Олар Ішкі істер министрлігінен көмек сұрайды.

Алматы облысында 6-сынып оқушысын қатарластары ұрып-соққан
фото: видеодан скриншот

Алматы облысында 6-сынып оқушысын қатарластары аяусыз сабаған. Келеңсіз оқиға Рахат ауылындағы № 1 орта мектепте болды. Басынан ауыр жарақат алған Арман Юсуповқа дәрігерлер операция жасады деп хабарлайды Paryz.kz“Астана” телеарнасына сілтеме жасап.

Қазір жағдайы мәз емес көрінеді. 

Аурухананы торуылдап, баласына алаңдаған Зарина Юсупова мектептегі сұмдықты еске алуға қорқады. Айтуынша, 12 жастағы ұлын өткен бейсенбіде қатарласы соққыға жыққан. Ал мектеп басшылығы оны жасыруға тырысыпты. Баласының құлап қалғанын айтып, үйіне қайтарып жіберген. Жағдайы нашар болса да жәдел жәрдем шақыртқызбағанын айтады.   

Жедел жәрдем шақырмаңыз, бізді күтіңіз, біз өзіміз көмектесеміз деді. Жарайды дедім. Тәрбие жөніндегі орынбасар.  Фариза, сендер мені өтірік алдап тұрсыңдар, не болды балаға, шынын айтыңдар деп едім, баланың мұрнына қолы тиіп кетіпті деді, – деді жәбірленушінің анасы Зарина Юсупова.

Күннен-күнге  әлсіреп, бас ауруы үдеген  Арманды анасы ауруханаға апарған. Дәрігерлер халі мүшкіл екенін айтып, бірден отаға алып кеткен. Сол сәтте мектептегілер келіп, қоқан-лоққы көрсетіпті. 

Шындықты айтты балам. Балалар ұрды, жабылып деді, мен айтпап едім сізге деп. Оның үстіне менің балама еден жуғызады екен мектепте, қабырға жуғызады екен. Жансая мен Мәдина деген кісі мені ұрды, кәдімгідей ұрып жіберді өздерімен өздері келіп, – деді Зарина Юсупова.

Менің сіңілімді итеріп жібереді. Ей, қойсаңыздаршы, сіздер кімсіздер, өздеріңізді таныстырыңыздар дегенімше анау қарамайды, сары күртедегі сіңілімді жұлмалап жатыр. Ол директордың орынбасары екен, – деді Зухра Юсупова.

Ашынған ана полицияға арыз жазуға барған. Бірақ ондағылар шағымын қабылдамаған көрінеді. Ал мектеп ұжымы  істі жылы жабуды сұраған. Ал дәрігерлер 12 жастағы Арманға ота жасалғанын хабарлады.  

Асқыну болған бұл жерде. Балада ауыз қуысында жара пайда болған. Бет-әлпетіндегі инфекция самай аймағына кеткен. Операция жасалған бүкіл іріңдік процесстер ашылып сәтте іріңдер шығарылды. Қазіргі таңда баланың жағдайы жақсы, – деді Алматы аймақтық балалар клиникалық ауруханасының жақ-бет хирург дәрігері Байкен Тоққожаев.

Дегенмен жәбірленушілер баланың бүгінгі хәлін жақсы деп айта алмаймыз деп отыр. Оқушы психологиялық соққы алғанын айтады. 

Мектеп директоры кешеден бері осы іспен айналысуда. Таңертең осы жұмыстың бабымен балаға кеткен болатын ауруханаға. Сонда кеткенін айтты. Звандасам қазір телефоны өшіп тұр, – деді Рахат ауылдық округі №1 орта мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Динара Азатқызы.

Ал Полиция департаменті аталған іске қатысты шағым түскен жоқ дейді.   

Аталған дерек бойынша аудандық ауруханадан, мектеп әкімшілігінен және ата-аналар тарапынан ешқандай арыз Еңбекшіаудандық полиция басқармасына келіп түспеген. Дегенмен қазір тиісті тексеру жұмыстары жүргізілуде, – деді Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің қызметкері Әбілтай Әбенов.

Баламыз таяқ жеп қана қоймай, өзіміз де қысымға ұшырадық деген жәбірленушілер барлық мәселе заң аясында шешілсе дейді. Олар Ішкі істер министрлігінен көмек сұрайды.