Шымкентте мектеп оқушысы сабақ үстінде ауырып, қайтыс болды

19 қарашада дене шынықтыру сабағында оқушы өзін нашар сезінген.

Шымкентте мектеп оқушысы сабақ үстінде ауырып, қайтыс болды
фото: ашық дереккөз

Шымкентте жетінші сынып оқушысы дене шынықтыру сабағында ауырып қалды, кейін ол жедел жүрек-өкпе жетіспеушілігінен жансақтау бөлімінде көз жұмды деп хабарлайды Paryz.kzOrda.kz-ке сілтеме жасап. 

Марқұм 12 жасар жасөспірім №1 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатында оқыған.

19 қарашада дене шынықтыру сабағында оқушы өзін нашар сезінген. Мұғалім баланы жеке кабинетіне апарып, мектеп дәрігеріне баланың ауырып жатқанын хабарлаған. Тексеруден кейін дәрігер жедел жәрдем шақырған.

Бала жансақтау бөліміне жатқызылды, бірақ науқасты аман алып қалу мүмкін болмады.

Біз ауруханаға хабарласып, оқушының жағдайы туралы ақпарат сұрадық. Алайда, қарашаның 20-сы күні баланың анасына хабарласқанымызда оның түнде қайтыс болғанын білдік. Жедел жүрек-өкпе жеткіліксіздігі диагнозы қойылыпты, - деді №1 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының мектеп директоры.

Шымкент қалалық білім бөлімінің басшысы Жанат Тәжиеваның айтуынша, бастапқыда балада пневмонияның симптомсыз түрі бар деген болжам болған. Бірақ бұл диагноз расталмаған.