Мұхтар Әбілязов Францияда ұсталды және тергеліп жатыр

Оған Францияда ірі қаражатты жымқырды деген айып тағылды.

Мұхтар Әбілязов Францияда ұсталды және тергеліп жатыр
Фото: tengrinews.kz

Еуропаның үш елінде іздеуде жүрген кәсіпкер Мұхтар Әбілязов Францияда ұсталды және тергеуге алынды, деп жазды Mediapart.

Әбілязовтің ұсталғаны белгілі болды. Британдық, украиндық және ресейлік соттардың санкциясымен қудалауда жүрген қазақстандық кәсіпкерге Францияда ірі қаражатты жымқырды деген айып тағылды. Бұндай айып оған кезінде БТА банкте де тағылған болатын.

Ол Францияда 2013 жылдан бері іздеуде жүрген.