ШҚО-да барымташы үш миллион теңге тұратын жылқыны атып тастаған

Полиция аталған бап бойынша күдіктіні жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза күтіп тұрғанын айтты.

ШҚО-да барымташы үш миллион теңге тұратын жылқыны атып тастаған
фото: РИА Новости

Шығыс Қазақстан облысында полицейлер егесінің назарынан тыс жүрген жылқыны атқан Өскемен қаласының тұрғынын қолға түсірді. Ер адам полицияны көрген бойда өзінің жол талғамайтын көлігіне мініп қашып кетпек болған деп хабарлайды Paryz.kzРolisia.kz-ке сілтеме жасап.

40 жас шамасындағы ер адамды патрульдер құрықтаған.

Тәртіп сақшылары бағыт бойынша келе жатып, кенет жол талғамайтын көлікті байқаған, оның жүргізушісі полицейлерді байқаған сәтте тасжолмен із суытпақ болған. Алайда қуғын ұзаққа созылмаған. Toyota Land Cruiser-дің жақсы жүрісіне қарамастан, көлік қар мен лайда тұрып қалады.

Полицейлер көлікті тексерген кезде кабинадан 12 калибрлі тегіс ұңғылы мылтық пен ондаған оқ-дәрісі бар патрондар белбеуін тапты. Іздеу басталған жерге оралған патрульшілер жартылай жіліктелген жылқының етін көреді.

Жануар сол маңда орналасқан шаруа қожалықтарының бірінің иесіне тиесілі екені белгілі болған. Шаруаның сөзінше, күдікті оған үш миллион теңге шамасында шығын келтірген.

Қазіргі уақытта мал ұрлығы фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің "Мар ұрлығы" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сот қаулысымен күдікті қамауға алынды, – деді Шығыс Қазақстан облыстық ПД баспасөз қызметі.

Полиция аталған бап бойынша күдіктіні жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза күтіп тұрғанын айтты.