Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Шудан «шөп» ала қашқан полицейлердің біреуі оққа ұшты

Toyota Land Cruiser-ден кептіріліп, қапқа салынған 55 келі марихуана табылды.

Шудан «шөп» ала қашқан полицейлердің біреуі оққа ұшты
фото: total.kz

Жамбыл облысында арнайы операция кезінде Шу аудандық желілік полиция бөлімшесінің қызметкеріне оқ тиіп, ол ажал құшқан. Ақпарат көздерінде таратылған мәліметтерге сүйенсек, қайғылы жағдай Шу ауданының Тасөткел ауылы маңында болған, деп хабарлады paryz.kz.

Өзіндік қауіпсіздік басқармасына «желілік полиция қызметкерлері есірткі тасымалымен айналысады» деген ақпарат түсіпті. Сөйтіп, олар күдіктілерді аңдып, алдынан күтіп алған. Алайда, жол талғамайтын көлікке мінген полицейлер тоқтамақ түгіл, арнайы жасақ өкілін қаққан бойда қаша жөнеледі. Соңынан қуғандар амалсыз табельдік қару қолдануға мәжбүр болған.

Содан көлік ішіндегі екеуге оқ тиіп, біреуі қаза тапты. Екіншісі қазір ауруханада жатыр. Арнайы жасақ өкілінің де екі аяғы сынған. Ал Toyota Land Cruiser-ден кептіріліп, қапқа салынған 55 келі марихуана табылды.