19.10.2020, 09:05

БҚО-да бес қабатты тұрғын үй өртеніп, 25 адам эвакуацияланды

Фото: аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен

Өрттің шығу себебі мен келген шығын көлемі анықталып жатыр.

Оралда бес қабатты тұрғын үйдегі өрттен 25 адам эвакуацияланды, деп хабарлады paryz.kz, БҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Пәтерде жеке заттар мен диван жанған. Соның салдарынан 25 адам эвакуацияланса, оның 9-ы – бала. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеді. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын, кінәлі адамдар анықталып жатыр", - деп жазылған хабарламада.