Бүгін Шымкентте мас адам екі баласын жарып жібермек болған

Ол отбасылық жанжалдан кейін 50 литр газ баллонын ашып, 4 және 8 жастағы екі баланы бөлмеге қалдырған.

Бүгін Шымкентте мас адам екі баласын жарып жібермек болған
фото: kznews.kz

Шымкентте ішімдік ішкен ер адам екі баласын бөлмеге қамап, газ баллонын жарып жібермек болған. Мұндай қадамға ол отбасындағы кикілжіңнен кейін барғанын айтқан, деп хабарлады paryz.kz, қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға бүгін 15.45-те болған. Учаскелік полицияның "101" пультіне Еңбекші ауданындағы Айнатас тұрғын үй алабының тұрғыны өз-өзіне қол жұмсағысы келетінін хабарлаған. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер 42 жастағы үй иесінің мас халде суицид жасамақ болғанын анықтаған. Ол отбасылық жанжалдан кейін 50 литр газ баллонын ашып, 4 және 8 жастағы екі баланы бөлмеге қалдырған. Сол уақытта кез келген минутта жарылыс болу қаупі туған.

Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамынан 5 адам мен апаттар медицинасы орталығы филиалының арнайы бригадасы тартылған. Жағдайдың барлық қауіптілігін түсіне отырып, №7 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Ербол Небесаев пен аға өрт сөндіруші, азаматтық қорғау сержанты А.Юлдашев жедел әрекет еткен. Ол өзге қызметкерлермен бірге бөлмеге жүгіріп кіріп, газ баллонының кранын жапқан. Баллонды далаға шығарып, балаларды қауіпсіз жерге эвакуациялаған.

"Апаттар медицинасы орталығы филиалының бригадасы балалардың жағдайын қарап шығып, медициналық көмек қажет еместігін анықтаған. Олар анасымен бірге үйінде қалды. Ал үй иесін Еңбекші ауданының полиция қызметкерлері алып кетті", - делінген хабарламада.