Ақтауда болған жол апатының ВИДЕОСЫ пайда болды

Полиция департаменті болжамына сәйкес, Mercedes-Benz жүргізушісі Toyota Corolla-ға жол бермеген.

Ақтауда екі көлік соқтығысып, салдарынан екі адам көз жұмды деп хабарлайды Paryz.kzLada.kz-ке сілтеме жасап. 

Жол апаты 8 қараша күні 17-ші және 18-шағын аудандары арасында болған. Mercedes-Benz жүргізушісі бұрылмақ болған кезде аса қатты жылдамдықпен келе жатқан Toyota Corolla көлігі келіп соқтығысады.

Соққы салдарынан Corolla аударылып, өртеніп кеткен.

Ал Mercedes көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы қатты соққыдан көліктен ұшып шыққан. Олар алған жарақат салдарынан жедел жәрдем жеткенше көз жұмды. 

Corolla-да болған адам да зардап шекті. 1988 жылы туған ер адам бастың жабық жарақаты, оң жақ тобығының ашық жарақаты диагнозымен ауруханаға жеткізілген болатын. Дәрігерлер шұғыл ота жасаған. 

Полиция департаменті болжамына сәйкес, Mercedes-Benz жүргізушісі Toyota Corolla-ға жол бермеген.