Қазақстанға шекарадан заңсыз өтіп кетпек болған қырғыз азаматтары ұсталды

"Бұл жыл басынан бері қолданыстағы карантиндік шектеулер жағдайында шекара қызметінің әскери қызметшілері тоқтатқан шекараны заңсыз кесіп өтудің алғашқы әрекеті емес", - делінген хабарламада.

Қазақстанға шекарадан заңсыз өтіп кетпек болған қырғыз азаматтары ұсталды
фото: sputniknews.kz

ҰҚК Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаменті мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту әрекетінің жолын кесті, деп хабарлады paryz.kz, ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға "Қарасу" өткізу пунктінде болған.

"Шекара жасағы "Мерседес-бенц" автомашинасын тексеру барысында салоннан төлқұжаттық бақылаудан жасырынған және шекараны тіркеусіз кесіп өтуге тырысқан Қырғыз Республикасының 6 азаматын тапты", - деп хабарлады ҰҚК.

Көлік жүргізушісі мен 6 азамат ұсталып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өтуге әрекет жасағаны үшін қылмыстық іс қозғалды.

"Бұл жыл басынан бері қолданыстағы карантиндік шектеулер жағдайында шекара қызметінің әскери қызметшілері тоқтатқан шекараны заңсыз кесіп өтудің алғашқы әрекеті емес", - делінген хабарламада.

Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, шекарашылар мемлекеттік шекараны бұзушыларды анықтау мақсатында бақылау іс-шараларын күшейтті.