Алматыда қызды өлтіріп, денесін өртеп жіберген

Қылмыстың мән-жайы мен себебі анықталып жатыр.

Алматыда қызды өлтіріп, денесін өртеп жіберген
фото: ашық дереккөз

Достық көшесіндегі “Латифа” тұрғын үй кешенінде қыз баланың мәйіті табылды. Күдікті марқұмды буындырып өлтіріп, кейіннен денесін өртеп жіберген деп хабарлайды Paryz.kz.

Қайғылы жағдайға қатысты Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі түсініктеме берді. Олардың айтуынша, күдіктінің жеке басы анықталып, полиция жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.

ҚК 99-бабы 2- бөлігі (Адам өлтіру) бойынша іс қозғалған. Қылмыстың мән-жайы мен себебі анықталып жатыр.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде адам өліміне қатысты түрлі болжамдар айтылып, өлген қыздың жезөкше екені сөз болған. Бірақ полиция бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты.