Түркістан облысында құдықтан ер адамның денесі табылды

Жедел іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшыларының назарына марқұмның інісі түскен.

Түркістан облысында құдықтан ер адамның денесі табылды
фото: ашық дереккөз

Түркістан облысында құдықтан ер адамның денесі табылды деп хабарлайды Paryz.kz.

Анықталғандай, жергілікті тұрғын учаскелік полиция қызметкеріне хабарласып, жалғыз өзі өмір сүрген көршісінің белгісіз жағдайда жоғалып кеткенін айтқан. Оқиға орнына учаскелік инспектор, полиция капитаны Берік Айдосов келген.

Полиция қызметкері оқиға орнын мұқият тексеру кезінде үйдің ауласында орналасқан құдыққа апаратын қан іздерін тапқан. Белгілі болғандай, марқұм екі метр тереңдікте қимылсыз жатқан. Ер адам көршісін бірден таныған", - дейді Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Мәйітті қарау кезінде оның денесінен көптеген жарақат пен гематома анықталған.

Бұл факт бірден Келес аудандық полиция бөлімінде Қылмыстық кодекстің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша тіркелген. Жедел іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшыларының назарына марқұмның інісі түскен. Қазіргі уақытта күдікті ұсталды.

Полицейлердің мәліметінше, жас жігіт туысының үйіне келген. Содан ер адамдар арасында жанжал шыққан. Салдарынан інісі ағасын аяусыз соққының астына алған. Ол ауыр қылмысты жасыру үшін оның денесін құрғақ құдыққа тастап, із-түзсіз жоғалып кеткен. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптама тағайындалды.