Маңғыстау облысында граната жарылып, бес сарбаз зардап шекті

Оқиға бойынша тексеру басталды.

Маңғыстау облысында граната жарылып, бес сарбаз зардап шекті
фото: ашық дереккөз

Маңғыстау облысында оқу полигонын тазалау кезінде бес әскери қызметкер жарақат алды деп хабарлайды Paryz.kz.

Қорғаныс министрлігі оқиға 2021 жылғы 27 қазанда оқу полигонын жоспарлы тазалау кезінде болғанын мәлімдеді. Министрлік оларға "қажетті медициналық көмек көрсетілді" деп айтты. Дәрігерлер әскери қызметшілердің жағдайын қанағаттанарлық деп бағалады.

Оқиға бойынша тексеру басталды.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде әскери қызметшілер гранатаның жарылуынан зардап шеккені туралы ақпарат пайда болған еді.