Ақмола облысында жол апатынан екі полицей қаза тапты

Апатқа кінәлі Щучинск тұрғыны қамауға алынды.

Ақмола облысында жол апатынан екі полицей қаза тапты
фото: Ақмола облысы ПД

Ақмола облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 15 қазанда Щучинск қаласындағы Абылайхан және Сейфуллин көшелерінің қиылысындағы «Мебелин» дүкенінің жанында жол апаты болып, Lexus NX20 көлігінің жүргізушісі Бурабай аудандық полиция бөліміне тиесілі Lada-21214 қызметтік көлігіне соқтығысқан.

Апат салдарынан Lada-21214 қызметтік көлігінің жүргізушісі мен жанындағы жолаушы – Бурабай аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторлары оқиға орнында қаза тапқан. Қаза тапқан полиция қызметкерлері қызметтік міндетін орындап, жол-көлік оқиғасы болған сәтте оқиға орнынан қайтып келе жатқан.

Жол апатына кінәлі азамат - 25 жастағы Щучинск тұрғыны бұрын Қылмыстық кодекстің 200, 346-баптары бойынша бірнеше рет сотталған, 2022 жылға дейін көлік құралын басқару құқығынан айырылған.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі ("Жол қозғалысы немесе көлік құралдарын басқару адамдарымен көлік құралын пайдалану ережелерін бұзу") бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды. Күдіктіге қатысты «Қамауда ұстау» процессуалдық мәжбүрлеу шарасы тағайындалды. Тергеу жүргізілуде.