Алматы облысының тұрғыны әйелінің сіңлісін пышақтап тастады

Қазір тергеу жүріп жатыр.

Алматы облысының тұрғыны әйелінің сіңлісін пышақтап тастады
фото: ашық дереккөз

Алматы облысында 38 жастағы тұрғын әйелінің сіңлісін пышақтап тастады. Жәбірленуші ауруханаға түсті деп хабарлайды Paryz.kz

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Қарасай ауданының Шамалған ауылында түнгі сағат екі шамасында болған.

17 тамыз күні түнгі сағат 02:15 шамасында 38 жастағы тұрғын отбасылық жанжал кезінде әйелінің сіңлісіне пышақ жарақатын салған. 19 жастағы жәбірленуші ауыр дене жарақатымен ауруханаға түсті. Аталған фактіге сәйкес ҚР ҚК 106-бабының 1-тармағы, яғни денсаулыққа қасақана ауыр дене жарақатын келтіру бойынша іс қозғалды. Күдікті ұсталған күні қамауға алынды. Бірақ 18 қыркүйек күні тергеу сотының шешімімен қамау үйқамаққа өзгертілді, – делінген ведомствоның хабарламасында.

Қазір тергеу жүріп жатыр.