Алматыда жанармай бекетінде төбелескен жастар ВИДЕОға түсіп қалды

Жанжал арасында сонымен бірге ер жігіттерді ажыратқысы келген қыз бала да жүр.

Алматыда жанармай бекетінде төбелескен жастар ВИДЕОға түсіп қалды
фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желі қолданушысы Алматыдағы жанармай бекетінде болған жаппай төбелесті видеоға түсіріп алыпты деп хабарлайды Paryz.kz.

Тәртіпсіздік болған жанармай құю бекеті Райымбек батыр көшесінен төмендегі Сейфуллин даңғылында орналасқан. Бірнеше жігіттің қақтығыста ешқандай қару-жарақтың қолданбағанын көруге болады. Жанжал арасында сонымен бірге ер жігіттерді ажыратқысы келген қыз бала да жүр. Кейінірек ол тағы бірнеше жігітпен бірге жалға алынған автокөлікпен кетіп қалады. Болған оқиғаны өзінің көлігінде отырып түсірген автор оқиғаға түсінік береді.

Compass-та не болып жатыр? Бірге бір. Бұл не қылған камера? Жан-Клод Ван Дамм қашып кетті. Полицияға хабар беріңдер. Сейфуллин көшесінде орналасқан Compass бұл, - дейді ол.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл фактіні Жетісу аудандық полиция бөлімінде Қылмыстық кодекстің "Бұзақылық" бабы бойынша тіркелгенін айтты. 

Төбелеске қатысушылардың барлығы анықталды және олар жауапқа тартылатын болады, - деп мәлімдеді Полиция департаменті.