Талдықорғанда жезөкше жігіттерге жеңгетай болған тұрғын ұсталды

Расталғандай, кешен әкімшісі клиенттерге ақысына интимдік қызмет көрсететін жігіттердің нөмірін тікелей ұсынып келген.

Алматы облысы Полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасына облыс орталығындағы монша кешендерінің біріндегі әкімшінің жігітерге интимдік қызмет көрсеткені үшін ақы төлеп, яғни жеңгетайлық жасайды деген жедел ақпарат келіп түскен. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Жедел түрде жүргізілген шара барысында ақпарат расталып, криминалдық полиция қызметкерлері монша кешенінің әкімшісі болып жұмыс істейтін Талдықорған қаласының 33 жастағы тұрғынын ұстады.

Бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 1-бөлімінің 309-бабы бойынша тіркелген. Расталғандай, кешен әкімшісі клиенттерге ақысына интимдік қызмет көрсететін жігіттердің нөмірін тікелей ұсынып келген.