Тоғыз айда 228 адамды қызыл жалын жалмапты

Жалпы, биыл Қазақстан аумағында орман өрті 20 пайызға артқан.

Тоғыз айда 228 адамды қызыл жалын жалмапты
Фото: Яндекс.Новости

Биыл өрт салдарынан 228 адам көз жұмды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлімдеді, деп хабарлады paryz.kz.

Министрдің айтуынша, тәулік сайын ведомство бөлімшелері 100-ден 150-ге дейінгі шақыртуға барады. Олардың негізгі үлесі тұрғын үй секторындағы өртті өшіруге қатысты.

"Биылғы 9 айда елімізде 9 мыңнан астам өрт тіркеліп, оның салдарынан 217 адам жарақат алды, 228 адам қайтыс болды. Жалпы, өрт 10,5 пайызға төмендегенін байқап отырмыз: тұрғын үй секторында – 12 пайызға, көлікте – 19 пайыза, бақылаудағы нысандарда – 8 пайызға", - деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде.

Бұған дейін  Юрий Ильин еліміздегі орман және дала өрті жайында айтып берген еді. Биыл Қазақстан аумағында орман өрті 20 пайызға артты.